08 Ақпан, 2017

ХВҚ Қазақстанның ЖІӨ өсімін 2,5% болады деп болжайды

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Халықаралық валюта қоры Қазақстанның экономикалық өсімін қысқа және орта мерзімде қарқын алатынын болжайды, дейді қордың Қазақстандағы миссиясының басшысы Марк Хортон. «Қазақстандағы экономикалық өсім қарқыны 2017 жылы 2,5 пайызға дейін көтеріледі деп жорамалдаймыз», — деді Хортон. Оның айтуынша, ХВҚ елдің орта мерзімдік болашақта қарқынды дамымақ. «Мәселен, 2020-2021 жылдарға қарай мұнай секторындағы өсім 4 пайызға ұлғаймақ. Бұл елде қабылданып жатқан шаралардың арқасында мүмкін болмақ», — деді қордың Қазақстандағы өкілі. Ертеректе ХВҚ Қазақстан ЖІӨ өсімін 2017 жылы 0,6 пайыз болады деп болжаған еді. Ал өткен аптада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2017 жылғы экономикалық өсім 2 пайыз болады деп болжаған болатын. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы Қазақстандағы ЖІӨ өсімі 1 пайызды құрады.