Германияның «Бавария» командасында капитандық міндетті атқарып жүрген Филипп Лам алдағы жазда футболдан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы eurosport.ru хабарлады.
«Маусым соңында мансабымды аяқтау туралы шешімге келдім. Бұл ниетімді клуб басшылығына білдірдім. Менің футболдағы басты міндетім – әр ойында барымды салып, ақтық демім таусылғанша командамды жеңіске жетелеу. Жазға дейін бұл қысымға шыдармын, бірақ өзім де біраз жасқа келіп қалғандықтан, ары қарай жалғастыра алмаймын. Сол себепті футболшылық ғұмырымды біржола аяқтасам деп отырмын. Әзірге демалғым келеді. «Баварияның» спорт директоры лауазымы ұсынылған. Бірақ бұл қызметке әлі дайын емес сияқтымын», – деді неміс ойыншысы.
Германияның ақпарат құраладары Ламның мұндай шешімге келгенін өткен айдың ортасында хабарлаған. Бұл жолы ойыншының өзі ресми түрде мәлімдеп отыр.
Айта кетейік, «Бавария» сапында бүгінге дейін 501 ойын өткізіп, 19 жүлде жеңіп алған. Ал Германия құрамасымен 2014 жылы әлем чемпионы атанған.

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше