Даңқ залына аты жазылған мексикалық бапкер Игнасио Баристайн өзі жаттықтыратын кіші Хулио Сезар Чавес алдағы жекпе-жекте Сауль «Канело» Альваресті жеңсе, спорттан кетуге дайын екенін айтты. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
55 жылын боксқа арнаған Баристайн мансабын қолайлы уақытта аяқтау сәтін күтіп жүр. Оның айтуынша алдағы кездесу осы қадамға толық негіз бола алады. Сонымен бірге, ол жұрттың неліктен Альварестің жеңісіне сеніммен қарайтынын түсінбейді.
«Егер Хулио жеңсе, қатты қуанар едім. «Канело» әрине, өте белсенді болған соң көзге түсіп жүр. Ал Хулио рингке жиі шықпайды, бұл жолы да қолының жарақатын емдеп келіп отыр. Алдағы айқасқа өте жақсы дайындықпен шығады», – деді Баристайн.
Айта кетейік, қос мексикалық боксшының арасындағы ұрыс 6 мамырда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.
• 08 Ақпан, 2017
Баристайн: Чавес Альваресті жеңсе, спорттан кетемін

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше