09 Ақпан, 2017

Елбасы құттықтау жолдады

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Нұрсұлтан Назарбаев XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универ­сиа­дада Қазақстанның ұлттық құрамасының зор жетістікке жетуіне орай құттықтау жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Алма­ты­дағы XXVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиадада жо­ғары нәтиже көрсеткен ұлт­тық құ­раманың мүшелерін құт­тық­тады. «Сіздердің қайсар­лық­тары­ңыздың арқасында Қа­зақстанның жал­пыкомандалық екінші орын­ға қол жеткізуі – елдің биік беделінің, бұқаралық спорттың да­мығандығының айқын көр­сет­кіші. Қазақстанның спорт мек­тебінің даңқын тағы бір мәрте асқақтатып, жоғары дайын­дық­тарыңызды, жеңіске деген ұм­тылыс пен ерік-жігерлеріңізді көрсеттіңіздер. 2017 жылғы Универсиада барлық қазақстандықтар үшін нағыз мерекеге айналды. Спортшыларымыздың жеңісі қысқы спорт түрлерін одан әрі дамытуға серпін беріп, келер ұрпаққа үлгі болуға тиіс. Универсиаданың ұйым­дас­тыру комитетіне жарысты жо­ғары деңгейде өткізіп, жауап­кер­шілік танытқаны үшін алғыс айтамын. Барлық спортшыларға мық­ты денсаулық және жаңа белес­терді бағындыру жолында табыс тілеймін!», – делінген құттық­тауда.