09 Ақпан, 2017

Жан-жақты түсіндірілді

125 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісі депутат­тарының Абай Тасболатов жетекшілік еткен ақпараттық-насихат тобы Қызылжар өңірінде жұртшылықпен кездесіп, тарихи маңызы зор құжат төңірегінде келелі пікір алмасты. «Қазақстанның Үшінші жаң­ғы­руы: жаһандық бәсекеге қаб­і­­­лет­­­тілік» Жолдауының басты қағи­дат­­­тарын түсін­діруге арналған келелі жүз­­­десу М.Қозы­баев атындағы Сол­түс­­­тік Қазақ­стан мемлекеттік универ­си­те­ті­­­нің про­фес­сорлық-оқытушы­­лар құра­­­мы­мен және студенттерімен өт­ті. Ха­лық қалаулылары білім жүйе­сі­нің ха­лық­­аралық стандарт­тарға сәйкестенді­рілуіне орай студент жастар алды­на сыни тұрғыдан ойлау, өз бетімен іздену, қарым-қабілетін шың­­дау, озық технологияларды игеру сияқ­ты заманауи талаптар қойылып отыр­ғанын айта келіп, жоғары оқу орын­дарының материалдық-техникалық базасын жетіл­діру, білім беру бағдарламаларына бақы­лау мен талапты күшейту, құқық­тық-қаржылық сауаттылықты арттыру, үш тілді еркін меңгеру мәселелері бойынша өз-ойларын ортаға салды. «Мемлекет басшысы зор көңіл аударып отырған басымдық­тар­дың қай-қай­сысы болсын елдің тұрақ­тылығына, жаңа тех­но­логия­лық-инновациялардың енгізі­луіне қызмет етеді. Адами капитал са­пас­ын жақсарту – өте көкейкесті мәсе­ле­­лер­­дің бірі. Сол себепті білім бе­руді экон­о­микалық өсудің жаңа мо­делі­нің орталық буынына айналдыру мін­деті қойылып отыр», деді жастар­ға қарата айтқан сөзінде Абай Бөлекбайұлы. Мәжіліс депутаттары Юрий Тимо­­щенко, Шафхат Өтемісов Жол­дау­да қауіп­­сіз­дік ах­уалы қуатты және әрекет ете ала­­тын мем­лекеттің өлше­мі болып та­бы­­латы­нын, діни экстре­мизмді наси­хат­­тау­дың алдын алу, әсіре­се, діни қарым-қаты­нас сала­сын­дағы радикалды көз­­қарас­қа байланысты кез келген әре­кет­тердің алдын алу, болдырмау қажеттігін атап көрсетті. Облыстық мәслихатта ұйымдас­тырыл­ған басқосуда еліміз үшін аса ма­ңызды бағдарламалық құжат­тың Қазақ­стан­­ның жаһандық бәсеке­ге қабілет­ті­лі­гін қамтамасыз етуге, респуб­лика тұрғын­дарының өмір сапасын төмен­детпеуге, өркениетті отыз елдің қатарына қосылуға жан-жақты мүмкіндіктер ашатын бес басымдық жайлы кеңінен сараланды. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы