09 Ақпан, 2017

Ортақ ұстаным ортаға салынды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Никитинская, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының төрағасы Дмитрий Васильев және төрағаның орынбасары Ерлан Ақжолов Алматы қаласындағы А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми-хирургия орталығында ақ халатты абзал жандармен кездесу өткізді. Жиын барысында депутат аталған мекеме ұжымы­ның ал­дында Мемлекет басшысының биылғы Жол­дауы­на кеңінен тоқталып өтті. Ал Елбасы­ның Үндеуі демо­кра­тия­лық даму жолындағы тарихи шешім болға­нын ерекше атады. «Қазір еліміздің барлық өңір­ле­рінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ­стан  халқына арнаған Жолдауы мен демократиялық өзгерістерге қатысты Үндеуі қызу тал­қы­­ла­­н­ып жатыр. Елбасы Үндеуде конститу­циялық заң­дар­ға өзг­ері­стер енгізіп, қазіргі мемлекеттік басқару жүйе­сін жа­ңар­­татын кездің келгенін айтып, мұндай қадам заман талабынан туындап отырғанын жеткізді. Шын­­ды­ғында, ең алғаш Тәуелсіздік алған жылдарда бізге пре­­зи­­денттік басқару тетігі қажет болған еді. Оның нәти­­же­­сінің қандай болғанын біз көріп отырмыз. Ширек ғасыр ішінде біз әлемнің ең алпауыт мемлекеттерімен теңе­се­тін мемле­кеттер қатарына кірдік. Бәсекеге қабілет­ті Қазақ­станға айналдық. Осы­нау табысқа толы 25 жылдан соң біз жаңаша қадам басып, жаңа дәуірдің есігін аш­­қа­лы отырмыз. Аталған бұл қадам Парламент пен Үкі­­мет­­ке үлкен жауап­кер­шілік, сенім жүктейді», – деді Е.Никитинская. Жиын соңында А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылы­ми-хирургия орталығының директоры Болат Бай­маханов клиниканың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ