09 Ақпан, 2017

Сенатор С. АҚЫЛБАЙ: Жер туралы пікірсайыста Конституцияның 26-бабына сілтеме жасау қате

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабына түзетулер жобасы бойынша түсіндірме берді. Жобада баптың 1-тармағы «Әркім заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады» деген мәтінде ұсынылып отыр. С.Ақылбайдың түсіндіруі бойынша, «азаматтар» деген сөз «әркім» сөзімен алмастырылады. Бұл жерде «әрқайсысы» деп Қазақстанның азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар деп түсінуге тиіспіз. Неге біз еліміздің резиденті емес адамның немесе азаматтығы жоқ адамның мүлкінің сақталуын қамтамасыз етпеуіміз керек? Мәселен, оның көлігі, киімі, компьютері бар. Мұның бәрі сол адамның мүлкі болып табылады. Одан басқа, шетелдік азаматтар мұнда инвестиция әкеледі, ол да мүлік. Келген инвестиция қорғалуы керек, ол Конституциямен сақтандырылуы арқылы қамтамасыз етілуі керек», деп атап өтті депутат. «Жер туралы мәселе – ол басқа мәртебеге ие, мүлде басқа ережемен реттеледі, – деді С.Ақылбай. – Біз бұл жерде Конституцияның 6-бабына жүгінуіміз керек, онда жер заңда көрсетілген жағдайларда ғана жекеменшікке берілетіні жазылған. Яғни, мұнда Жер туралы және Азаматтық кодекстерге сілтеме жасалған, ал ол заңдарда шетелдіктердің ауыл шаруашылығына арналған жерлерді сатып алуы туралы бірде-бір сөз жоқ». С.Ақылбайдың айтуынша, 26-бап­тың 1-тармағына байланысты жер ту­ра­лы пікірталасқа негіз жоқ, өйт­кені, жер мәселесі бұл ережемен қарас­тырылмайды. «Шетелдіктердің Қазақ­станда ауыл шаруашылығына арнал­ған жерлерге ие болуы мүмкін емес. Дұрыс түсіндірілгенде, ешқан­дай олқылық болмау керек. Бәрі де біздің заңдарымызға сәйкес жасалып отыр. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы жерлерінің шетел­дік­терге сатылмайтыны туралы бұрын да айтқан болатын. Жер, су, табиғи ресурс­тар – мүлік емес. Олар ерекше мәр­тебеге ие», деді Жоғарғы пала­таның салалық комитетінің басшысы. Бизнесті қорғау тақырыбына байланысты ол: «Біз шетел азаматының да, азаматтығы жоқ адамның да жеке мүлкінің қорғалуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Мемлекет олар әкелген инвестиция мен заңды түрде алынған мүлкінің қорғалуына осылай кепілдік бере алады», деп атап өтті.
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 3 су арнасы жөндеуден өтеді

Аймақтар • 04 Қазан, 2024

Нарықта мұнай бағасы шарықтады

Экономика • 04 Қазан, 2024

Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі

Референдум 2024 • 04 Қазан, 2024

Терраса тақтасы

Ғылым • 04 Қазан, 2024