09 Ақпан, 2017

Универсиада жеңісі – ұлттық жеңіс

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіздік жеңісі ұлы мұра, Жастар ғой азық болар ғұмырына, Сүйінші, Қазақ елі, тағы жеңіс, Тағы да мінді жеңіс тұғырына. Күн сайын бейбіт өмір төкті реңін, Спорттық әлеміміз көк тіредің, Бәрі де Елбасының арқасында, Кемеңгер көрегендік деп білемін. Отанға осы керек, жастарға ертең, Жетеді Алатаудай асқарға ертең, Жеңіспен алтындарды жаудырған күн, Қазағым бүгінінен бастар ма екен! Шоқтай маздап жанады далам оты, Жан-жақтан желбірейді жалау оты, Бұл да бір Тәуелсіз Ел жеңісі ғой, Алатау құшағында алау оты! Универсиада алауы – өрісіміз, Осыған келістік пе, келісіңіз. Тәуелсіз Ұлы дала – Қазақ елі, Басталды сан ғасырлық Жеңісіміз! Жеңіспен өз тарихын жазады ері, Ұлтжанды ұлағаты ғажап еді. Баянды боп жалғассын сан ғасырлар, Тұғырың құтты болсын Қазақ Елі! Құшақтасып достардай көріспеген, Өнегелі, өрелі өр іспенен, Әрбір таңды, Қазағым, әрбір күнді, Қарсы алайық осылай Жеңіспенен! Шөмішбай САРИЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Алматыда аяқталған 28-шы қысқы Универсиада алау оты ән-ұраны мәтінінің авторы