Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «I am a singer» байқауының төртінші кезеңінде де үшінші орын иеленді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Бірінші орынды «Сяо Цзиньтэн Шицзы» («Lion») тобы алса, екінші орынды Линь Илянь иеленді. Үздік үштікті Димаш Құдайберген түйіндеді. Төртінші – Ду Лиша, бесінші – Чжан Цзе, алтыншы – Тань Цзин (үшінші кезеңде бірінші орын алған болатын) және жетінші – Чжао Лэй.
«Weibo» әлеуметтік желісіндегі Димаштың жұмыс тобының парақшасында байқаудың 4-кезеңіндегі суреттер жарияланды.
Бұған дейін «Синьхуа» агенттігі байқаудың 4-кезеңінде Димаштың қытай тіліндегі әнді акцентсіз орындап бергенін хабарлаған болатын.
Мәліметтер бойынша, «I am a singer» байқауының төртінші кезеңі 2 ақпан күні жазылған еді. Ол телеарналардан 11 ақпан күні Астана уақытымен сағат 20:30-да көрсетіледі. Димаштың бұл кезең үшін таңдаған «Күзгі мұң» әнін 2013 жылы «I am a singer» байқауында қытайлық әнші Ша Баолян орындаған болатын. Кеше қазақстандық жас талант иесінің анасы Светлана Айтбаева оның аталмыш байқау барысында қазақ тілінде де ән айтатынын жеткізді.
Айта кетейік, Димаш жарыстың алғашқы екі кезеңінде «SOS d’un terrien en détresse» және «Опера 2» әндерін орындап бірінші орын алған. Ал үшінші айналымда «Show must go on» туындысын шырқап, үшінші орынға ие болған.

Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирін ерте аяқтауға мәжбүр болды
Теннис • Бүгін, 18:28
Атырауда мектептің бұрынғы екі түлегіне «Алтын белгі» берілуі мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Коалиция мүшелері Түркістан облысы тұрғындарымен кездесті
Ата заң • Бүгін, 17:45
Атырау облысында 10-сынып оқушысының өлімі тергеліп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:22
«Халықтық Конституция – қуатты мемлекет» тақырыбында сарапшылар кездесуі өтті
Ата заң • Бүгін, 17:10
SCImago рейтингі: Қазақстан Орталық Азиядағы ғылыми көшбасшыға айналды
Қазақстан • Бүгін, 17:04
Сауалнама нәтижесі: 2025 жылы дайын өнімге сұраныс артқан
Банк • Бүгін, 16:52
Ораза ұстаудың қандай әдептері бар?
Дін • Бүгін, 16:33
Ішкі саудаға серпін: Кәсіпкерлерге 4,3 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді
Сауда • Бүгін, 16:23
Балаларға ораза ұстауға бола ма?
Руханият • Бүгін, 15:59
Сауранда су шайып кеткен көпір қалпына келтірілді
Аймақтар • Бүгін, 15:57
Петропавлда оқушы үшінші қабаттың терезесінен секіріп кетті
Оқиға • Бүгін, 15:43
Қысқы Олимпиада: Фристайл-акробатика шебері Аяна Жолдас іріктеуден өте алмады
Қысқы спорт • Бүгін, 15:34