09 Ақпан, 2017

БҚО-да биыл әлеуметтік нысандар құрылысына 5,6 млрд теңге бөлінді

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Батыс Қазақстан облысында биыл әлеуметтік сала нысандары құрылысына 5 632,811 млн. теңге қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Антазиевтің айтуынша, соның ішінде 4 305,799 млн. теңге Ұлттық қордан, 401,403 млн. теңге республикалық бюджеттен, 925,609 млн. теңге жергілікті қазынадан беріліп отыр.  Осы қаржының басым көпшілігі немесе 4 934,978 млн. теңге білім нысандарын салуға жұмсалмақ. Мысалы, Ұлттық қор есебінен биыл Оралға қарасты Деркөл ауылында 600 орындық мектеп салуға 1 062,5 млн. теңге, облыс орталығында 300 орындық №4 мектепке 605,0 млн. теңге, республикалық бюджет қаржысына Зеленов ауданы Дариян ауылында 100 орындық интернатымен 300 оқушылық мектеп құрылысына 401,4 млн. теңге бөлінді. Бұл үш нысан да 2018 жылы салынып бітпек. Ал іргетасы өткен жылы қаланған Оралға қарасты Зачаган кентіндегі «Сарытау» шағынауданындағы 900 орындық (биылғы бөлінген қаржы - 1 537,9 млн. теңге, Ұлттық қор), Деркөл ауылында 600 орындық тағы бір мектеп (1 602,5 млн. теңге, Ұлттық қор), оған қоса Қазталов ауданы Қазталов ауылында 100 орындық мектеп-интернат (227,7 млн. теңге, жергілікті бюджет) құрылысы биыл мәреге жетпек. Сол секілді Теректі ауданы Подстепный ауылында жергілікті бюджет қаржысына (163,8 млн. теңге) 300 орындық мәдениет үйі тұрғызылмақшы. Сондай-ақ ішкі істер департаменті нысандарын салуға 365,384 млн. теңге, қоршаған ортаны қорғау нысандары құрылысына 168,629 млн. теңге қарастырылды.