09 Ақпан, 2017

2017 жылы Жамбыл облысында 5 мектеп салынады

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Аймақтық коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Жомарт Әмірханов «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша өңірдегі «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, 2017 жылы 2,4 млрд теңгеге бес жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Олардың қатарына Байзақ ауданы Байзақ ауылына 300 орындық орта мектеп тұрғызу, Меркі ауданы Сарымолдаев ауылындағы Савва атындағы 600 орындық орта мектепке жаңа ғимарат салу енеді. Тараз қаласының Шөлдала тұрғын үй алабына 900 орындық орта мектеп салынады, 300 оқушыға арналған көнерген №24 гимназияның және «Салтанат» шағынауданындағы 1000 орындық №30 орта мектептің жаңа ғимараттары салынады. Өткен жылы Жамбыл облысында «Нұрлы жол» бағдарламасымен 7 жоба жүзеге асты, оған бөлінген 3,3 млрд. теңге игерілді, деп хабарлады Әмірханов. «Байзақ ауданы Түймекент ауылында және Тараз қаласының Құмшағыл стансасында 600 орындық жаңа мектептер пайдалануға берілді. Сонымен бірге, Қордай ауданы Масанчи ауылында, Сарысу ауданының Жаңатас қаласында және облыс орталығында  840 орындық үш балабақша қолдануға берілді. Меркі ауданы Сарымолдаев ауылындағы және Тараздағы №30 орта мектеп ғимаратының құрылысы 2017 жылға ауыстырылды», - деп атап өтті спикер.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше