09 Ақпан, 2017

Жамбыл облысында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға 2,4 млрд теңге бөлінді

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылы «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 7 жобаны іске асыруға 3,3 млрд. теңге қарастырылды. 2017 жылы аталмыш бағыт шеңберінде 2,4 млрд. теңгеге 5 жобаны іске асыру жоспарлануда, деп хабарлады strategy2050.kz. Оның ішінде: - Байзақ ауданы Байзақ ауылындағы 300 оқушыға орта мектеп құрылысын салу" – 535 908 мың теңге; - Тараз қаласы Шөлдала  алқабындағы 900 орынға арналған орта мектеп құрылысы – 813 980 мың теңге (кейінге қалдыру шартымен); - Тараз қаласы  300 орынға арналған №24 гимназиясының қосымша құрылысы – 537 500 мың теңге (кейінге қалдыру шартымен). - Меркі ауданы Сарымолдаев ауылы Т.Қожакеев көшесі №1 мекен жайға 600 оқушыға арналған Савва атындағы №9 орта мектебінің құрылысын салу" – 226 318 мың теңге; - Тараз қаласы "Салтанат" мөлтек ауданында 1000 оқушыға арналған №30 орта мектебінің құрылысын салу" – 256 583 мың теңге; Аталған жобалардың соңғы 2 жобасы 2016 жылдан өтпелі болып табылады. 2 жоба кейінге қалдыру шартымен іске асырылады.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше