09 Ақпан, 2017

Қазақстандық актер кісі өлтіргені үшін 11 жылға сотталды

464 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстандық актер Нұржан Тойлыбаев кісі өлтіргені үшін 11 жылға сотталды, деп жазады Tengrinews.kz. Тойлыбаев қазір тергеу изоляторында жатыр. Нұржан Тойлыбаев. Сурет жеке архивінен алынды 38 жасар актер зорлау және бұзақылық баптарымен сотталған болатын. Нұржан Тойлыбаевтың "Мәңгі ел", "Зәуре" жобалары мен "Айман Шолпан" және "Өгей жүрек" сериалдарына түскені белгілі. Сериалда Нұржан Тойлыбаев қылмыскерлердің образын сомдаған. Тойлыбаевтың айтуынша, істі болған күні ол досымен кезекті түсірілімнің аяқталуын тойлап жатқан. Актердің өзі жанжал кезінде тек өзін қорғағанын айтып, сот үкімімен келіспейтінін жеткізді. Енді апелляциялық шағым түсірмекші. Актердің айтуынша, ол көпбалалы әке. "Оқиға 2016 жылдың 10 қыркүйегінде Фабричный ауылында болды. Мен досыммен түсірілімнің аяқталуын атап өтпек болдым. Кәуапханаға бардық. Көрші үстелде бірнеше адам отырған. Солардың бірі (қайтыс болған Мұрат Қарсылиев) маған "Жұлдыз болып кететіндей Ди Каприо емессің ғой" деп тиісті. Сосын біздің үстелге келіп отырды. Сол жерде сөзге кеп қалдық, ал далаға шыққанда оның достары маған пышақпен жабылып кетті. Мен өзімді қорғау үшін мангалдан қысқышты алып Мұратты ұрдым. Басынан соққы алған ол жерге құлап қалды. Сосын оны жедел жәрдем қызметі алып кетті, жиырма минуттан кейін қайтыс болыпты. Мен сол қашқаннан төрт ай жасырынып жүрдім", - дейді Нұржан Тойлыбаев. Желтоқсанда тәртіп сақшылары актерді жалдамалы пәтерден ұстап алады. Нұржанға "Қасақана ауыр дене жарақатын келтіру" бабы бойынша айып тағылады. Кейін бұл бап "кісі өлтіру" бабына ауыстырылды. Тергеу шаралары өтіп жатқан кезде Нұржан қайтыс болған Мұрат Қарсылиевтың әйелі Малика Қарсылиеваға үй мен жер телімін ұсынған. Алайда  Малика Қарсылиева 10 млн теңгеге талап-арыз түсіреді. Мұрат Қарсылиев, сурет жеке архивінен алынған  Мұрат Қарсвлиев инженер-монтаждаушы болып жұмыс істеген. Отбасымен бірге Фабричный ауылында тұрған. Артында әйелі мен төрт баласы қалды. Малика Қарсылиеваның айтуынша, сот оның 10 млн теңге өндіріп алуға берген талап-арызын қанағаттандырмай, тек 2 млн теңге ғана алып берген. Мұрат әйелімен.  "Мен төрт баламен жалғыз қалдым. Мұрат ұялы телефондарға байланыс орнатумен айналысатын. Сотталушының туыстары маған ескі үйді ұсынды. Мен одан бас тарттым. Басқа ештеңе де ұсынбады. Бір рет бір қап картоп пен аздаған ұн және азық-түлік алып келді. Олардың бар көмегі осы болды", - дейді Малика. Маликаның айтуынша, Нұржанның қатты соққысынан Мұраттың бас сүйегі сынып кеткен. Менің күйеуімде ешқандай пышақ та, суық қару да болмаған. "Тойлыбаевқа 1-бөлімнің 99-бабы бойынша"Кісі өлтіру" айыбы тағылып, қатаң тәртіптегі түзеу мекемесіне 11 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Тараптар үкімге 15 күн ішінде апелляциялық шағым түсіре алады", - деп хабарлайды Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі. Сотталушының артында әйелі мен екі баласы қалды.