09 Ақпан, 2017

Бауыржан Жолшиев «Ақтөбеде» ойнауы мүмкін

519 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бір жыл футболдан тыс қалған Бауыржан Жолшиев өзіне команда тапқан секілді. Жартылай қорғаушы қазіргі уақытта «Ақтөбе» сапында жаттығып жүр. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. 26 жастағы футболшы Түркия жерінде жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқан "Ақтөбе" клубына қосылды. Әзірге ұжымның қаралымында жүрген болса керек, келісімшарт жасамаған. Айта кетейік, өткен маусымда Жолшиев мүлдем ойнаған жоқ еді. Бейресми деректер бойынша,  Бауыржанға «Ертіс», «Ордабасы», «Қайрат» секілді клубтар қызығушылық білдіріпті. Бірақ жалақы мәселесіне келгенде қос тарап ортақ ымыраға келе алмаған.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше