Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бағаларды білу үшін қала дәріханаларын зейнеткер кейпінде аралады. Сатушылар аймақ басшысын танымаған. Әкім дәрілердің бағасын көріп жүрегі ұстап қала жаздағанын айтты. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.
Аймақтағы медициналық мекемелердің есебін тыңдаған Бердібек Сапарбаев жасалып жатқан жұмыстарға көңілі толмайтынын білдірді. Облыс жетекшісі әсіресе Медициналық және фармацевтикалық істер комитеті басшысының дәрілердің бағасы реттелгені туралы сөзіне ыза болды.
«Неге өтірік айтасыз? Ешқандай да төмен баға жоқ, мен өзім тексердім, дәріханаларды араладым. Бір пайыз да арзандау жоқ. Мүмкін, сіздің өзіңіз баратын дәріхана бар шығар. Мен қарапайым сатып алушы ретінде тексердім. Бағаларды көріп жүрегім ұстап қала жаздады. Әр дәріханада қымбат бағалар туралы шағымдануға арналған телефон болуы тиіс. Кей аудандарда баға екі есе өсіп кеткен. Сондықтан адамдар ауданнан Ақтөбеге келуге мәжбүр. Дәріге жетем дегенше, адам өліп кетуі мүмкін, Құдай сақтасын» деді Сапарбаев.
Аймақ басшысы шенеуніктердің дәріханаларды өздері аралап, фармацевтердің қабылданған меморандум шарттарын қалай орындап жатқанын тексермейтінін айтты. Сапарбаев Ақтөбеде дәрілерді төмендетілген бағамен сататын арнайы дәріхана ашу мәселесін қарастыруды ұсынды.
• 09 Ақпан, 2017
Бердібек Сапарбаев Ақтөбе дәріханаларын жасырын аралап, бағаларды көргенін айтты

Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Кеше
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Кеше