09 Ақпан, 2017

Қарағанды әкімі аппаратының жетекшісі болып 26 жастағы азамат тағайындалды

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 26 жасар ұлы Қарағанды қаласы әкімінің аппарат басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бақтияр Омархановтың екі жоғары білімі бар - экономика және заң саласын жетік меңгерген. Сондай-ақ, ол экономика ғылымдарының магистрі. Мемлекеттік қызметте 2011 жылдан бері қызмет етуде. Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бас маманы ретінде жұмыс жасаған. 2014 жылдан қазіргі тағайындауға дейін «Қазагромаркетинг» АҚ Қарағанды бөлімінің директоры лауазымын атқарған», - делінген хабарламада.

 Бақтияр Омарханов Нұра ауданының әкімі Ниқанбай Омархановтың ұлы. Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіров жаңа басшыны ұжымға таныстырып, жаңа қызметіне табыс тіледі.