09 Ақпан, 2017

Димаш Қытай жұлдыздарының рейтингінде көш бастап тұр

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«I am a singer» байқауына қатысып, танымалдылыққа ие болған Димаш Құдайберген Аспанасты елі жұлдыздарының апталық рейтингінде көш бастап тұр. Бұл туралы әншінің PR-менеджері Алпамыс Шаримов хабарлады. «Апта сайын Қытайда актер, жүргізуші, шоумен сынды айтулы жұлдыздардың танымалдылық рейтингісі жарияланады. Онда ғаламторда есімдерінің көп пайдаланылуы, іздеу көрсеткіші, әртістің видеоларының көрсетілімі, телеарнадағы рейтингі т.б есепке алынып, апталық рейтинг жасалады», – деп жазды ол. Димаш Құдайберген тізімде 2989 ұпай жинап, көш бастады. Бұл рейтингіде екінші апта қатарынан бірінші орында келеді.