10 Ақпан, 2017

Ұсыныс енгізуге шешім қабылданды

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыста Қазақстан Республикасының Поль­шадағы Төтенше және өкілетті елшісі А.Әби­бул­лаевты мем­ле­кеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін тәр­тіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша, А.Әбибуллаевқа қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану жөнінде Мемлекет басшысына ұсыныс енгізуге шешім қабылданды.