10 Ақпан, 2017

Еңбек өнімділігі ел ішінде талқыланды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының депутаттары Асқар Бейсенбаев, Қуаныш Айтаханов және Әли Бектаев Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауы мен конституциялық реформалар жөніндегі Үндеуін Сенаторлар Оңтүстік Қа­зақстан облысының әкімі Жан­сейіт Түйме­баевпен кездесіп, Жол­даудан туындайтын мін­дет­тер аясында аймақты өр­кендету және оңтүстік өлкенің әлеу­мет­тік-экономикалық дамыту мәсе­лелерін талқылады. Сенат депутаты Қуаныш Ай­та­ханов Мақтаарал ауданында бол­ған кезде Жетісай қаласында ау­дан активімен, мәслихат депу­тат­тарымен және аудан еңбеккерлерімен жүздесті. Сенат депутаты биылғы Жолдаудың басым бағыттары, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамытуға арналған негізгі міндеттерге тоқталды. «Суармалы егіншілік ең дамыған Мақтаарал ауданы мемлекетіміздің стратегиялық маңызы бар аймақ. Кейінгі жылдары су тапшылығы пайда болғаны туралы Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовке депутаттық хат жолдап, өткір мәселенің биыл шешілетіні туралы жауап алдым», – деді сенатор. Қ.Айтахановтың Шардара ауданында жергілікті тұрғындармен кездескен кезде Елбасының Жолдауында айтылған бес басым бағыттың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, жан-жақты түсіндірді. Ол Жолдауда айтылған еңбек өнімділігін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелері бойынша нақты мысалдармен жан-жақты талдай отырып айтып берді. Ғалымжан ЕЛШІБАЙ, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше