10 Ақпан, 2017

Бәсекеге қабілеттілікті арттыратын құнды құжат

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауы мен билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін түсіндіру мақсатында өңірге арнайы келген Парламент Мәжілісі депутаттарының жұртшылықпен кездесулері жалғасып жатыр. Парламент Мәжілісінің депутаттары Уәлихан Қай­назаров, Василий Олейник пен Амангелді Дәуренбаев Өскемен қаласында бірнеше кездесу өткізді. «Денсаулық сақтау саласының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өтуі экономикалық тұрғыдан алғанда медициналық мекеменің жағдайына байланысты болмақ, – деді Уәлихан Қайназаров «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ жұмыскерлерімен өткен кездесуде. – Егер экономика дамитын болса, елдің табысы да артады. Сол арқылы медициналық сақтандыру қорына түсетін түсім көбейеді. Алайда, азаматтарға өзінің денсаулығы үшін бірінші кезекте жауапкершілікті өзі алатынын, содан кейін ғана дәрігерлер мен мемлекет тұратындығын жеткілікті түрде түсіндіру қажет». Аталған үш депутат қала­дағы №1 ауруханада өңірдің ден­­саулық сақтау саласы қыз­меткерлерімен кездесіп, ұсыныс-пікір­лерін тыңдады. «Елбасының биылғы Жолдауы – мемле­кетіміздің дамыған 30 елінің қатарына қосылуына ықпал етіп, экономикамыздың бәсе­кеге қабілеттілігін арт­ты­руға, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған құнды құжат. Ең алдымен, Жол­дауды іске асыратын сіз бен біздер екенін естен шығар­мағанымыз абзал», – деді Василий Олейник. Халық қалаулылары Мем­лекет басшысының билік тар­­мақтарын қайта бөлу жөнін­дегі Үндеуі Үкімет пен Пар­ла­менттің жауапкершілігін арт­тырып қана қоймай, ел дамуына тың серпін беретінін де тілге тиек етті. Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан» ӨСКЕМЕН