Осы мақаланы жазбас бұрын облыс орталығындағы Дүйсенов көшесі 177 үйде Ақәділовтерге арналған мемориалдық тақта алдына бардым. Тақтада Отан соғысына қатысқан партизан отбасы Жылбек пен Жамал, орталарында қыздары Майя бейнеленген. Сонымен бірге, қаладағы Даңқ алаңы мемориалдық тақтасына да Ақәділовтердің есімдерін жазып, көше беріп, ескерткіш орнатсақ деген ой келді.
Кезінде жазушы ағамыз Әди Шәріповтің «Партизан қызы» кітабын бәріміз де қызыға оқыдық. Повестегі кішкентай қыз Майяның әке-шешесі Жылбек пен Жамал Ақәділовтер Баянауылдың Бірлік ауылында дүниеге келген. Жылбек Шымкенттегі Қапланбек ауылшаруашылық техникумын бітіріп, Сарыағашқа жіберіледі. Содан соң Кушка қаласында жасақталған 152 атты әскер қатарына алынып, сүйген жары Жамалмен бірге Белоруссияға аттанады.
Кенеттен соғыс басталады. Беларусь орманындағы партизандар қосынында Майя 1941 жылдың 27 қарашасында өмірге келеді. Жылбек Ақәділов Румыния, Венгрия, Чехословакия, Австрия жерлерін жаудан азат етуге қатысқан. Соғыстан кейін Жылбек ата қаржы саласында, Жамал апа тігінші, ал «Партизан қызы» Майя ұстаз болып қызмет етті. Ақәділовтердің соғыс кезіндегі жауынгерлік жолдары туралы кітап та бар, кинофильм де бар.
Жоғарыда айтылған ескерткіш тақтаға келетін болсақ, марқұм Дыбысбек Тастенов деген ағамыз 2003 жылы қалалық әкімдіктің есігін тоздырып жүріп, «өз қаражатыңызға жасай беріңіз» деген рұқсаттан кейін осы тақта орнатылған еді. Соғыс өртін көрген жандарға қалалық әкімдік осылай немқұрайлық танытты.
...Өткен жылдың күз айында Баянауылдың Торайғыр, Бірлік, Ақсан ауылдарына жолсапармен барып қайтқанбыз. Бірлікте Ақмектеп бөлімшесін қосқанда барлығы мыңға жуық адам қалыпты. Мектепте 150 оқушы білім алады. Біз көргеніміздей, мектеп іші жарқырап тұр, сыныптары кең, тап-таза. Ауыл балаларының оқып-білім алуларына барлық жағдай жасалыпты. Ауласында жасанды жасыл төсеніштері бар спорт алаңы бар.
Бірліктің мектебі өңірдегі «Үздік ауыл мектебі» қатарына алынып, оқу-білім саласындағы жетістіктерімен алда келеді екен. 2016 жылдың қараша айында Үкімет қаулысы шығып, «Бірлік жалпы орта білім беру мектебіне» Жылбек Ақәділов есімі беріліпті.
«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ауыл тұрғындары Ж.Ақәділовтің зиратының басына барып, белгі орнатып қайтыпты.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Баянауыл ауданы

Петропавлда оқушы үшінші қабаттың терезесінен секіріп кетті
Оқиға • Бүгін, 15:43
Қысқы Олимпиада: Фристайл-акробатика шебері Аяна Жолдас іріктеуден өте алмады
Қысқы спорт • Бүгін, 15:34
Астанада жаңа Конституция жобасы бойынша сараптамалық талқылау өтті
Ата заң • Бүгін, 15:20
Арақ ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай алмай ма?
Руханият • Бүгін, 15:05
Қосымша медициналық білім сапасына қойылатын талап күшейді
Медицина • Бүгін, 14:42
Нағыз өнердің дәуірі енді басталады
Әдебиет • Бүгін, 14:33
Шаңғы жарысының спринт түрінде бақ сынаған отандастарымыздың нәтижесі қандай?
Қысқы спорт • Бүгін, 14:22
Әскердегі әлімжеттік: Отарда соққыға жығылған сарбаздың қазіргі жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 14:16
Ақтөбеде прокурор ұсталды: Шенеунік 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Жемқорлық • Бүгін, 13:53
Статистика: Елімізде 170 мыңнан астам адам жұмысын ауыстырғысы келеді
Қоғам • Бүгін, 13:30
Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
Президент • Бүгін, 13:08
Қазақстанда құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге болады
Қоғам • Бүгін, 12:52
Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылайды
Ата заң • Бүгін, 12:40
Токио конвенциясы: Қазақстан жоғары білім саласындағы өңірлік әріптестікті күшейтті
Ғылым • Бүгін, 12:32