13 Ақпан, 2017

Астанадағы "Нұржол" бульвары шатырмен қапталуы мүмкін (ФОТО)

615 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ҚР Президенті мен БАӘ инвесторларының кездесуінде Астанадағы "Нұржол" бульварын шатырмен қаптап тастау туралы ұсыныс айтылды. Архитекторлардың айтуынша, шатыр ауа-райының қолайсы кезінде де бульварда жайлы атмосфера қалыптастырады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әкімдік әзірге бұл жай ғана жоба екені, оны іске асыру туралы әңгіме қозғаудың ерте екенін айтты. Архитекторлардың ойынша, бульвар қыстың суығында аталған шатырдың арқасында жаздағыдай жайма-шуақ ауа райын сақтамақ. Ал жаз кезінде шатыр ашылады. Ірі жобаның екінші қабатында сауда-сауық орындары салынып, 6 мың көлік сиятын тұрақ болады. Ал Astana sport city құрылысы "Астана Арена" стадионы,"Барыс-Арена", "Алау" нысандары мен "Сарыарка" велотрегін біріктірмек. Calatrava компаниясының бұл жобасы тек бас архитектор ретінде ғана емес, сонымен қатар бас инвестор ретінде ат салыспақшы. Жобаға керек қаржы IPO әдісі арқылы тартылады. Нәтижесінде бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды деп жоспарлануда.  
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024