13 Ақпан, 2017

Астанада антитеррористік оқу-жаттығу екі күнге созылады

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елорданың терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы 2017 жылдың 13-14 ақпан күндері Астана қаласының аумағында жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығулар өткізілетінін хабарлайды. Аталған шаралар террористік сипаттағы қауіп-қатерлер туындағанда мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауға бағытталған. Оқу-жаттығу шеңберінде қаланың жекелеген учаскелерінде халықтың және көлік құралдарының жүріп-тұруына шектеу енгізілуі мүмкін.