13 Ақпан, 2017

Абель Санчес Головкиннің боксындағы ерекшеліктерін атады

233 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Абель Санчес шәкірті Геннадий Головкиннің (36-0, 33 КО) ерекшеліктерін атады. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. «Үш минут қарапайым адам үшін тез өтіп кетуі мүмкін, бірақ шаршы алаңда қарсыласың дәл Геннадий Головкиндей тоқтаусыз, соққыларын қарша борататын болса, бұл уақыт бітпестей болып көрінеді», – деді Санчес. «Рингте Головкиннің бір соққысын сезген адам алған бағытынан жаңылысып, жеңіске деген құлшынысынан айырылып жатады. Жекпе-жек барысында қарсыластарының «Мен мұндай күшті бұрын-соңды көрмеген едім. Бұған қалай қарсы тұрамын» деген ойда қалып жатса, таң қалмаймын. Себебі, психологиялық тұрғыдан шаршап қалады. Мәселен, Стивенс алғашқы нокдауннан кейін жөнді шабуылға шыға алмады. Маклиннің басты мақсаты кездесудің соңына дейін шыдас беру болды. Ал Ишида басында-ақ нокаутқа ұшырады», – деді қазақстандық былғары қолғап шеберінің бапкері. «Айқаста есіңді жиып, түрлі әдістерді қолдануға тырысасың. Лаки-панч жасауға ұмтыласың, бірақ оны дер кезінде дәл жасамасаң, соңы күтпеген жайттармен аяқталуы мүмкін. Бірақ лаки-панч жасау үшін де қарсыласыңды алдымен қысымға ала білуің қажет», – деді Абель. «Залда күндіз-түні жаттығу жасап жүрміз. Головкин еш қиындықсыз 12 раундқа шыдас береді. Ол үшін шаршы алаңда жұдырықтасу не үшін оңай болып көрінеді дейсіз бе? Себебі, оның бойында жеңіске деген құлшыныс бар. Сондай-ақ, әрбір соққысы қарсыласына дәл тиер болса, кездесуді тезірек аяқтайтынын жақсы біледі. Мен боксшы кезімде дәл мұндай панчер болмаған едім», – деді мексикалық бапкер. Айта кетейік, Головкин 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында америкалық Дэнниэл Джейкобспен жұдырықтасады.