13 Ақпан, 2017

14 ақпанда Үкімет отырысында "Нұрлы жер" бағдарламасы қарастырылады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең, сағат 11:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы мен Алматы қаласында 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 өткізу қорытындысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн- таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көруге болады. Отырыс қорытындысы бойынша ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтың, қаржы министрі Б. Сұлтановтың және инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Соңғы жаңалықтар

Жошының жорығы мен жосығы

Мирас • Бүгін, 12:55