15 Наурыз, 2017

2016 жылы ұсталған көліктердің саудасы жақсы жүрді

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылы жаңа көлік нарығы 2015 жылмен салыстырғанда 52 пайызға құлдыраса, ұсталған көліктердің саудасы өткен жылы керісінше қыза бастаған, деп жазады kolesa.kz. 2015 жылы қаңтар-желтоқсан аралығында қолдан сатылған көліктердің саны 683 мың болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 815 мыңға жеткен. Ұсталған көліктердің саудасы ең қатты жүрген ай қыркүйек болды. Күздің бірінші айында шамамен 78 мың ұсталған көлік сатылған. Одан кейін үш ай сауда бәсеңдегенімен, желтоқсанда сауда қайта қарқын алған. Ұсталған көліктердің ішінде ең көп Toyota көлігінің 133 мыңы сатылған. Бұл көрсеткіш 2015 жылғымен салыстырғанда 14,4 пайызға артық. Екінші орында "Лада" көліктері болса (108 583), үшінші орында Volkswagen (61 903).