15 Наурыз, 2017

Алматы әуежайында бірқатар рейстердің ұшу уақыты кешіктірілді

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы Халықаралық әуежайынан бірқатар рейстердің ұшуы кешіктірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. «14-15 наурыз күнгі сағат 08:00 жағдай бойынша Халықаралық Алматы әуежайында «Скат» ӘК-ның DV781 Алматы-Қарағанды (Қарағанды қаласындағы метео жағдайға байланысты), «Скат» ӘК-ның DV737 Алматы-Петропавл (ұшақтың кешігіп келуі) және «Эйр Астана» ӘК-ның KC401 Алматы-Киев (техникалық себептерге байланысты) бағыттары бойынша рейсті орындайтын ұшақтар кешігіп жөнелтілді»,  –  делінген хабарламада. Айта кетейік, әуежай мәліметі бойынша бірде бір рейстің ұшуы тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта Халыкаралық Алматы әуежайында әуе кемесін қабылдауға және ұшып шығаруға шектеу жоқ.