15 Наурыз, 2017

Әлемдегі ең үздік әуежайлардың рейтингі шықты

627 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Амстердамда өткен Skytrax World Airport Awards-2017 халықаралық көрмесінде әлемнің үздік әуежайлары аталды. Оларды анықтау барысында миллиондаған жолаушылардың пікірі ескерілді, деп жазады CNN. Жыл сайын өткізілетін көрмеде биыл бесінші жыл қатарынан Сингапурдің Чанги әуежайы көш бастады. Ол әуежайда үш терминал, әлемдік блокбастерлерді тегін көрсететін 24 сағаттық кинотеатр, бассейн, көбелектер бағы бар. Сонымен қатар 2017 жылдың екінші жартысында төртінші терминал ашылады. 2017 жылдың Skytrax World Airport Awards сыйлығын алғандар: 

1. Чанги әуежайы, Сингапур

2.  Ханеда халықаралық әуежайы, Токио (Жапония)

3. Инчхон халықаралық әуежайы, Сеул (Оңтүстік Корея)

4.  Мюнхен әуежайы (Германия)

5. Гонконг халықаралық әуежайы

6. Хамад халықаралық әуежайы, Доха (Катар)

7. Chubu Centrair Nagoya (Жапония)

8. Цюрих әуежайы (Швейцария)

9. Хитроу әуежайы, Лондон 

10.  Франкфурт әуежайы (Германия)