15 Наурыз, 2017

Qazaq Air Шымкенттен Астанаға рейс ашты

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Qazaq Air әуе компаниясы көктемдік-жаздық ұшу кестесін жаңартып, 2017 жылдың 26 наурызынан бастап Шымкент – Астана – Шымкент бағыттары бойынша тұрақты рейсті жөнелтетінін қуана хабарлайды. Бұдан былай Оңтүстік Қазақстан облысы орталығының тұрғындарын, аптасына екі рет, заманауи Bombardier Q400NextGen ұшақтарымен Астанаға тікелей жеткізетінін мәлімдейді. Шымкенттен сапар шегетін жолаушылар билетті 11 557 теңгеден бастап сатып алып (әуежай алымдарымен қоса есептегенде бір бағытты билет құны), Астанаға небары 1 сағат 55 минутта жете алады.