Астана жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердиновтің төрағалық етуімен елордадағы барлық автобус парктері әкімшілігімен мәжіліс өтті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Мәжілістің негізгі мақсаты – тасымалдаушылардың шарттық міндеттемелерді тиісті орындауы, белгіленген аралықпен желіге автобустардың жоспарлы шығуын қамтамасыз ету, автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауы, сондай-ақ жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетінің деңгейін арттыру.
Осы жылғы 1 сәуірден бастап автобус парктерінің әкімшілігі рейс алды тексеру уақытында жүргізушілердің ұялы телефондарын қоюға арнайы ұяшықтар ұйымдастыруды ұсынды.
Бұдан басқа, Көліктік бақылау қызметіне бақылау-желілік қызметпен бірлесіп желідегі жүргізушілердің автобус салонында телефон қолдануы, темекі шегуіне, сондай-ақ жол қозғалысы қағидасын сақтауына мониторинг жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ, тасымалдаушылардың мәселелері қаралды. Мәжіліс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметтер сапасын арттырудың тиісті шараларын қабылдау міндеттері қойылды.
• 15 Наурыз, 2017
Астанада автобус жүргізушілеріне ұялы телефонсыз жүруді міндеттеуі мүмкін

Қазақстандық шаңғышы қыздардың жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?
Олимпиада • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі 6,4%-ға өсті
Өндіріс • Кеше