15 Наурыз, 2017

Дубайда тұрмысы төмен отбасыларға тегін үй беріледі

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дубай әмірлігінің тұрғын үй құрылысы саясатына сәйкес, енді барлық тұрмысы төмен жандар тегін баспанамен қаматамасыз етілмек. Жаңа заң бойынша бұл жеңілдік әмірлікте дүниеге келгендер үшін де, шетелдік жұмысшылар үшін де ортақ болады, деп жазады muslim.kz.

Ал, тұрғындардың «тұрмысы төмен отбасы» санатына жататын-жатпайтыны арнайы өлшемдер бойынша анықталатын болады. Атап айтқанда, жанұядағы кіріс мөлшері, тұрғылықты жері, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақылар және  мемлекеттік талаптар мен қоғамдағы мәселелерге қарым-қатынасы ескеріледі.

Осыған орай, Дубай әмірлігінде әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша арнайы жұмыс тобы құрылады.