15 Наурыз, 2017

Астанада Наурыз мейрамы аясында өтетін мерекелік шаралар тізімі

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан халқы Наурыз мейрамына дайындықты бастап кетті. Астанада халықтық серуен 21-23 наурыз күндері өтеді. Қаладағы бірнеше алаңда мерекелік шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. 19-23 наурыз – демалыс күндері, сол себепті қала тұрғындарының демалысына ерекше көңіл бөлінген. Басты шара 21 наурыз күні «Сарыарқа» велотрегінде ұйымдастырылады, 21-23 наурыз күндері «Хан Шатыр» маңындағы алаңда этноауыл қанат жайып, халықтық серуен өтеді. Сондай-ақ 21-22 наурыз күндері «Қазақ елі» монументі алаңында, қалалық алаңда, «Студенттер» саябағында, 22 наурызда «Жастар» театрының аумағында өтеді. Барлық алаңдарда мазмұнды концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар ұйымдастырылады, киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылады, келушілер дәстүрлі тағамдардан дәм тата алады. Наурыздың 18-інен 22-сіне дейін Күйгенжар, Мичурино, Промышленный, Интернациональный, Железнодорожный, Пригородный, Үркер, Көктал-1, Өндіріс тұрғын алаптарында Наурыз мейрамына орай халықтық серуен өтеді. Онда да киіз үйлер тігіліп, жәрмеңкелер, концерттер ұйымдастырылады.