15 Наурыз, 2017

Омбыда Наурыз-думан өтеді

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биыл РФ Омбы облысында қазақтың Наурыз мерекесін кеңінен атап өтілмек, деп хабарлады om1.ru. Мерекелік шара Называевский ауданында өтеді. Мұнда әртүрлі спорттық ойындар да көрсетілмек. Қазақ диаспорасы гір спорты, армрестлинг, арқан тарту, күрес жарыстарын қамтыған бағдарлама әзірлеген. Мерекенің шырқау шегі бәйге болмақ. Басты шара 23 наурызда Омбы филормониясында өтеді. «Мөлдір» сібірлік қазақ мәдениеті орталығы «Наурыз-думан» концертін ұйымдастырады. Онда Омбы және Омбы облысының шығармашылық ұжымы және Қазақстаннан Асқар Наймантаев пен Базарбай Мұрат  өнер көрсетеді. Атап өтсек, ЮНЕСКО көктемнің шығыс мерекесін адамзаттың бейзаттық (материалдық емес) мәдени мұрасы тізіміне енгізген, ЮНЕСКО күнтізбесінде ол Наурыз халықаралық күні деп аталады.