16 Наурыз, 2017

Өзара ықпалдастықтың тиімді жолдары

189 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағы (ЕЭА) Вьетнамнан Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға тауар жеткізу көпіріне айналып келеді. Таяуда «Вьетнам темір­жол­­­дары» МК бас дирек­то­­ры­ның орын­­басары Фан Куок Ань бас­та­­ған Вьетнам темір­жол­­­­шылары «Қорғас – Шығыс қақ­­­­пасы» ЕЭА ны­­сандары мен Ал­тын­көл станса­сын­­да болды. Сон­­дай-ақ, делега­ция Алматыда өтіп жатқан Теміржолдар ынты­мақ­­­тастығы одағы (ТЖЫО) ке­ңе­­сі аясында ЕЭА нысандарын ара­лады. Вьетнам теміржолшылары Құр­ғақ порт, логистикалық және ин­дустриялық аймақ, мо­ни­то­рингілік орталық, жеңіл­дік­тер мен преференциялар, көлік ло­ги­стикалық хаб мүмкіндігі, Ал­тын­көл – Қорғас ше­каралық өткелі жұ­мысымен танысты. Өз кезегінде Фан Куок Ань «Қорғас – Шығыс қақпасы» ЕЭА мүм­кіндігін, Қазақстан – Қытай те­міржол шекаралық өткелі жайын жоғары бағалап, Шығыс Азия мен Еуропаны жалғайтын хабтың бол­ашағы зор екендігін атап өтті. Делегация басшысының ай­туын­ша, АСЕАН елдері Еуропаға Қытай, Қазақстан аумағы, әсіресе, Қор­ғас арқылы транзиттік та­- у­ар­­лар­­ды өткізуді қалайды. Вье­т­­нам ЕАЭО елдерімен еркін сау­­­да айна­лымы туралы ресми ке­­лісімге қол қойған. Бұл өз ке­зе­гін­де тауарлардың Шығыс жә­не Ба­тыс Еуропа елдерінен же­т­кі­зі­луін жеңілдетеді. Оның сөзіне қарағанда, биыл­ғы жылдың өзінде Вьетнам тау­арлары Қорғас арқылы Қазақ­стан­­ға, одан әрі Орталық Азия ел­дері және Еу­ро­паға шы­ға­ды. «Біз қазақстандық астықты жә­не басқа да тауарларды құр­лық­­пен темір жол көлігімен Лянь­юнь­ган портынан түсірмей-ақ, Ханойға жеткізуді жоспарлаудамыз. Биылғы жылы алғашқы пой­ыз­ды шығарып, одан кейін оны тұ­рақты жүргізетін боламыз», – де­ді Фан Куок Ань. Қазақстан, Қытай, Вьетнам ау­­мағымен транзиттік тасымалды Дундань (Вьетнам) – Пэнсэн (Қытай) – Достық және Алтынкөл (Қазақстан) шекаралық өткелдері арқылы жіберудің болашағы зор. «Бізге Вьетнам нарығы өте тартымды. Контейнерлік пой­ыз­ға басымдық береміз. Яғ­ни, Елбасы Жолдауында айтылғандай, тра­н­зит­тік және контейнерлік та­сымалды да­мытуға мүдде­лі­міз», – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ пре­зи­дентінің ке­ңесшісі Аман­жол Ибрагимов. Айта кетейік, биылғы 20 ақ­пан­да Вьетнам астанасы Ха­ной­да «ҚТЖ» ҰК» АҚ през­и­денті Қанат Алпысбаев Вьетнам Көлік ми­нистрі Чыонг Куанг Нгия және «ВТЖ» МК бас директоры Ву Та Тунгпен кез­де­сіп, көлік са­ла­сындағы өза­ра се­ріктестікті да­мыту туралы пі­кір алысып, нәтижесінде­, екі елдің темір жол саласындағы әкімшіліктері ара­­сын­да серіктестік туралы ме­мо­ран­думға қол қойылған болатын. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»