16 Наурыз, 2017

IBO Жақияновтың чемпиондық белбеуін қайтарып алды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27-1, 18КО) өзінің екінші, яғни IBO тұжырымының белбеуінен айырылып қалды, деп жазады Vesti.kz. Іboboxing.com порталындағы мәлімет бойынша жеңіл салмақтағы бұл ұжымның чемпион атағы қазір бос тұр. Ұйым  белбеу үшін  IBO ұйымына берілетін жарна төленбегендіктен чемпиондық атақты кері қайтарып алған.

Еске салайық, бұл чемпиондық белбеуді Жанат Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорренге қарсы өткізіп, 12 раундың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жеңіп алған еді.