17 Наурыз, 2017

Ширек ғасыр – 300 құжат

177 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Қазақстан-Ресей: мәңгілік достық стратегиясы» атты тарихи деректі көрме ашылды. Биыл еліміздің Ресей Федера­ция­сымен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл. Осы жылдар ішінде екі ел арасында қаншама келіс­сөздер жасалып, сандаған құжаттарға қол қойылды. Бұл құжаттар өткен шақ­тың еншісінде қалып, мұрағатқа табысталғанымен, тату көршіліктің бір айғағы ретінде құнын ешқашан жой­майтыны белгілі. Осы орайда Қа­зақстан Мәдениет және спорт министр­лігінің, Ресей Федеральды мұрағат агенттігінің ұйымдастыруымен өткен шара құжаттардың түп-төркінін та­нуға бағытталды. Көрменің ашылуында еліміз тара­пынан Президент Әкім­шілігі Басшы­сының бірінші орынбасары Марат Тәжин Елба­сы Н.Назарбаевтың, Ре­сей тара­пынан Ресей Федерациясы Президентінің шет мемлекеттермен өңіраралық және мәдени байланыс жөнін­дегі басқармасының бастығы Влади­мир Чернов президент В.Путин­нің құттықтау хат­тарын оқып берді. Мә­дениет және спорт министрі Арыс­­танбек Мұхамедиұлы, Ресей Федераль­ды мұрағат агент­тігінің жетекшісі Андрей Ар­тизов, сондай-ақ, Ресейдің Қазақстандағы Төтенше жә­не өкілетті елшісі Михаил Бочар­ников тарапынан да дипло­матиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын әйгілейтін көрмеге жылы лебіздер арналды. Екі елдің әріптестігінің негізі сан ғасырларды көктеп өтіп, еліміз тәуел­сіздік алған тұс­та жаңа арнаға бет бұрды. Бұл орай­да ең алдымен 1992 жылы қа­былданған Достық, ынты­мақ­тастық және өзара көмек туралы келісімді атап өтуге болады. Екі жақты қарым-қаты­настың негізгі ұстанымдары бекі­тілген бұл құжат мемлекеттер ара­сын­да саяси және экономикалық бай­­ланыстардың тұрақты дамуын қамтамасыз етті. Ал, 1998 жы­лы екі ел басшы­ларының Мәң­гі­лік достық пен одақ­тастық ту­­ралы келісімге қол қоюы ынты­­мақ­­- тас­тықтың одан әрі ны­ғаюына мүмкіндік бергені белгілі. Көрме материалдары екі мемлекет арасындағы сенімнің жоғары дең­гейіне, өзара тү­сі­ністік пен қолдау дәстүр­лері, шынайы стратегиялық әріп­тес­тік пен одақтастыққа негізделген Қазақ­стан-Ресей ынты­мақ­тастығының сындарлы үлгісін ашып көрсе­теді. Көр­ме экспозициясына еліміз­­дің Ұлттық мұрағаты мен Ресей мемле­кеттік мұрағатының қорынан алынған саяси-эконо­микалық және мәдени-гу­ма­ни­тарлық бағыттағы 300-ден аса құ­жаттар қойылды. Олар мем­ле­кет­аралық, үкіметаралық жә­не аймақа­ра­лық деңгейлердегі түрлі бағыттағы мін­дет­терді тиім­ді шешуге мүмкіндік береді. Шараның ашылу салтанатына екі елдің мемлекет және саяси қайрат­керлері, ведомстволардың басшылары, мәдениет және ғылым саласының өкілдері қатысты. Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан»