15 Қыркүйек, 2011

Нақты тапсырмалар берілді

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұрнағы күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­стан Республи­ка­сының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековті қа­былдады. Ә.Жақсыбеков Президентті алдағы уақытта Ресеймен бірлесіп өткізілетін «Орталық-2011» жаттығуы туралы, сондай-ақ Ресей Федерациясымен әскери-тех­никалық ынтымақтастықты да­мы­ту перспективасы туралы және еліміздің қорғаныс-өнер­кә­сіп кешенінде жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етті. Мемлекет басшысы Қорғаныс министріне Қазақстан Ресуб­ли­ка­сының Қарулы Күштерін ны­ғай­ту және дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.