Павлодарда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатының финалдық кездесулерінде Жәнібек Әлімханұлы 81 келіде жеңіске жетті. Соңғы жекпе-жекте ол белгілі боксшы Нұрдәулет Жармановтан ұпай санымен басым түсті. Бұл кездесу финалдағы ең қызықтылардың бірі болды. Жарманов өзінен атақты қарсыласына бірнеше дәл соққы жұмсады. Алайда, 3-раундтың орта тұсында өзі 2 рет нокдаун алды. Соңғы үш кездесуде Жәнібек қарсыластарын 8 рет нокдаунға жіберді.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы өзінің жаңа салмағы 81 келіде ел чемпионы атанды.
Бұл салмақта Әділбек Ниязымбетов бірнеше жылдан бері құраманың нөмірі бірінші боксшы болып келгені белгілі. Олимпиада көрсеткен жақсы нәтижелері себепті Ниязымбетов, Елеусінов, Левит және Дычко ел біріншілігінен босатылды.
Осы чемпионатта берген сұхбатында Жәнібек «Әділбекті аға ретінде құрметтеймін. Ал рингте кездесіп жатсақ, бір-бірімізге мықты қарсылас болармыз деп ойлаймын» деген-ді. Сонымен қатар ол «Кәсіпқой боксқа ауысасыз ба?» деген сұраққа «Ол мәселе осы чемпионаттан кейін анықталады» деп жауап берді.
Чемпионатта жеңді. Енді 81 келіде Қазақстан құрамасында 2 бірдей аса мықты боксшы пайда болды. Олардың қайсысы негізгі құрамға алынады? Әлемдік ірі жарыстардан алтын медаль алмағанмен, тұрақты түрде жақсы нәтижелерге жетуімен бағалы Әділбек пе? Әлде 20 жасында «қазақ боксының жұлдызы» атанып үлгерген, жанкүйердің сүйіктісіне айналған, алайда, ірі додаларда күтпеген жерде жеңіліп қалатын нокаутер Жәнібек пе?

«Махаббат, қызық мол жылдардағы» Майра
Зерде • Бүгін, 08:15
Білім • Бүгін, 08:13
Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?
Экономика • Бүгін, 08:10
Кітапханаға арналған кешенді жоба
Кітапхана • Бүгін, 08:07
Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап
Саясат • Бүгін, 08:05
Мессидің хет-тригі Аргентина құрамасына жеңіс сыйлады
Футбол • Бүгін, 08:05
Өндіріс • Бүгін, 08:02
Пікір • Бүгін, 08:00
Шойынжол бекеттері қайта жанданды
Аймақтар • Бүгін, 07:58
Ербол Жолданғар: Өзгеріс тиімділігімен бағаланады
Сұхбат • Бүгін, 07:55
Солтүстік экономикасындағы серпіліс
Саясат • Бүгін, 07:50
Теміржол инфрақұрылымы жаңару жолында
Саясат • Бүгін, 07:45
Жеңіл өнеркәсіпті өркендету жайы пысықталды
Үкімет • Бүгін, 07:40
Франция құрамасы Сенегалды 3-1 есебімен тізе бүктірді
Спорт • Бүгін, 02:05