29 Қараша, 2016

Samsung екіге бөлінуі мүмкін

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Samsung оңтүстіккореялық электроника өндірушісі екі компанияға бөлінуді қарастыруда, деп хабарлайды Reuters жергілікті Seoul Economic Daily басылымына сілтеме жасап. Samsung Electronics Co басшылығы мен Elliott Management инвестициялық қоры компанияны - холдингтік және операциялық етіп екіге бөлу жөнінде келіссөздер жүргізуде. Ұсыныс қазан айында жасалған еді. Elliott Management Samsung компаниясына екі заңды тұлғаға бөлінуді, 30 триллион оңтүстіккореялық вон арнайы дивидент төлеп, директорлар кеңесіне үш тәуелсіз мүше қосуды және АҚШ-тың Nasdaq биржасында листинг рәсімінен өту туралы ұсыныс жасады. Samsung Galaxy Note 7 айналасындағы дау-дамайдан соң, оңтүстіккореялық компанияның қазіргі хал-ахуалына акционерлердің көңілі толмай отыр. Қуаттағыштан шыққан ақау компанияға $2,7 млрд.шығын әкелді. Samsung-тің ІІІ тоқсандағы операциялық табысы 30% дейінғ яни 5,2 трлн вонға азайған. Дүйсенбі күні компания акциялары 1,6% қымбаттады, оның капиталдандырылуы 258,6 трлн вонды құрайды. Дереккөздердің хабарлауынша, Samsung директорлар кеңесі 29 қараша күні кездесу өткізіп, ұсынысқа жауап береді.