30 Қараша, 2016

Тартысты өткен туриада

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Көкшетаудағы №19 орта мектептiң база­сында жабық ғимараттардағы турис­тiк көпсайыстан бiрiншiлiк өткізілдi. Атал­мыш шараны Ақмола облыстық бiлiм бас­қармасына қарасты балалар мен жасөс­пiрiмдер туризмi, өлкетану және экология орталығының өкiлдерi ұйымдастырды. Туриаданың бiрiншi кезеңiне қатысу үшiн спортшылар облыстың барлық аймағынан жиналды. Шараны өткізудегі басты мақсат турис­тiк көп­са­йысты дамыту мен насихаттау, тех­ни­­­­ка­­лық шеберлiктi шыңдап, мықты деген спорт­­шы­лар мен командаларды анық­тау жә­не об­лыс пен қала құрамасын жасақтау болды. Екi күнге созылған тартысты жарыс­тан соң мықтылар анықталды. Қазылар алқасының шешімімен Сандықтау ауданынан келген «Арыстан» командасы жеңімпаз тұғырына көтерілді. Екiншi орынды «Фирн-2» командасы жеңіп алса, жүлделі үшiншi орын Сандықтау аудандық балалар үйiнiң «Саяхат» командасы еншісіне тиді. Жасөспiрiмдер тобында Көкшетаудың «Жас қайрат-2» командасы үздiк деп танылды. Екiншi орынды «Фирн-3» командасы жеңiп алды. Ал үшiншi орынға Ақкөл ауданынан келген «Ақкөл-3» командасы көтерілді. Ересектер арасында Көкшетаудың «Жас қайрат» ұжымы бiрiншi орынды жеңіп алса, «Фирн» және «Фирн-4» командалары екiншi-үшiншi орындарды өзара бөлiстi. Туриаданың үздiк деген спортшылары республикалық жарыстарға қатысу үшiн Ақмола облысы құрамасының сапына енетiн болады. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы