Адам баласының жаратылысы әртүрлі дегенімізбен, баланың жақсы болмағы өскен ортасы мен көрген тәрбиесіне байланысты. Дана халқымыз «Баланың өскен бесігі – кең дүниенің есігі», – деп тайға таңба басқандай көрсеткен. «Бесік» ұғымын «тәрбие» ұғымымен тең қарастыруында үлкен мән жатыр. Баланың жас кезінде көрген тәрбиесі оның үлкен өмірге жолдамасы іспетті. Ақиқатында баланы үлкен өмірге әзірлеу ісінде әуелі үйдегі ата-ананың, содан соң балабақшаның алар орны ерекше.
Егемен болып – ес жиып, Тәуелсіз болып – тәубе деп жүрген тарихи тұстағы Қазақстанның ұлттық идеологиясы да балабақшамен, осындағы тәрбие мәселесімен тікелей байланысты екенін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та жиі қайталап жүр. Президентіміз бір сөзінде: «Менің тапсырмам бойынша барлық жерде мектепке дейінгі балалар мекемелерін құру жөніндегі жұмыс жүріп жатыр» деген де болатын.
Әрине, ешбір ата-ана өз баласының жаман болғанын қаламайды. Оған теріс тәрбие бергісі де келмейді. Бірақ, біріншіден, кейбірінің өз баласын өркениет көшіне лайықты түрде тәрбиелеуге өресі жетпесе, кейбірінің әдісі осал соғып жатуы ғажап емес. Екіншіден, Мемлекет болған соң, онда идеологиялық бірізділік болғаны жөн. Бұл орайда балабақшаның атқарар рөлі маңызды.
Тәуелсіз елдің балабақшасы қандай болуға тиіс деген сұраққа келсек, әлемнің екінші ұстазы, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» десе, қазақтың қайсар ұлы Бауыржан Момышұлы: «Менің үш қорқынышым бар: біріншісі – бесік жырын айта алмайтын келіндердің көбеюінен, екіншісі – немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбеюінен, үшіншіден – салт-дәстүрін сыйламайтын ұрпақтың көбеюінен қорқамын» деген екен.
Қос тұлғаның алғашқысы адамзаттық деңгейде ақыл айтса, екіншісі бала тәрбиесінде қазақтың төл рухани құндылығының рөлі қаншалықты маңызды деген сұраққа жауап жолдап тұрғандай. Біздің ұрпақ тәрбиесіндегі ұстанар ұстанымымыз да осы екі тұлғаның сөзінен арқау тартып жатуға тиіс.
Роза ЖАЛПЕТЕКОВА,
Астана қаласы №57 «Салтанат»
балабақшасының меңгерушісі

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше