Қай ғасырда, қай заманда болмасын, ғұлама ғалым әл-Фарабидің «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ, ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген сөзінен мұғалімнің бейнесі көрініп тұр.
«Мұғалімнің беделі қайтсе көтеріледі?» деген сұрақ көкейімізден кетпейді. Өз қалауымен таңдаған жастардың көпшілігі жоғары білімді бола тұра, қиындықтан қашып, басқа мамандықтарға кетіп қалады немесе жұмысты дұрыс істемейді: балалармен тіл табыса алмайды, күнделікті сабақ жоспарын жазудан қашады немесе еңбекақысын азсынады. Енді керісінше, өз мамандығын қадір тұтқан, уақытын, жаңа адамды тәрбиелеуге бар күш-жігерін аямайтын, еңбегімнің жемісін көрсем деген мұғалімдер әлі де бар.
Мұғалім беделіне келер болсақ, негізі, мұғалім өз беделін өзі көтереді. Мұғалім – ерекше мамандық. Неге? Себебі, мұғалім адаммен жұмыс істейді. Алдына әртүрлі мінездегі, әртүрлі оқушы келеді. Олардың отбасындағы тәрбиесі де әртүрлі. Мұғалім педагогикалық қарым-қатынас құру кезінде педагогикалық мақсатты ғана көздеп қоймай, баланың мүддесін де ескеруі тиіс. Әр бала – өзінше бір әлем. Оларды тыңдай білу, көңіл-күйін сезіне білу, баланы жақсы көру, ұжымдағы психологиялық ахуалды тани білу, бір сөзбен айтқанда оқушыны өзіне тең сезіну болғанда ғана мұғалім жұмысы нәтижелі болады деп ойлаймын.
Баланың бойындағы қабілетті дамытуда мұғалім үнемі ізденістегі, француз педагогы Жубердің «Оқыту деген екі есе оқу» деп айтқанындай, жеке көзқарасы бар және оны қорғай білетін, педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасқан, білім негіздерін өз бетінше оқып-үйренетін, балалармен педагогикалық үрдісте ынтымақтаса қызмет ететін, адамгершілік қасиеттердің барлығын бойына сіңірген, білімді, тынбай оқитын жан болуы керек. «Мұғалім – мектептің жүрегі» (Ы.Алтынсарин) болып табылатындықтан, ол барлық қасиетімен де өз шәкіртіне үлгі болуға тиіс екендігін айтудай айтып жүрміз.
Дегенмен, білім беру бағдарламаларын жетілдіру мақсатында еліміздегі барлық педагогтардың білімін үзбей көтеріп, жаңа іс-тәжірибелерді оқу үрдісіне енгізіп, жұмысты сыни тұрғыда дамыту, білімді бағалау жолдарын жетілдіруге айтарлықтай көңіл бөлінуде. Мұғалімге қойылып отырған қоғамдық талап өскен сайын, мұғалімнің жауапкершілігі де өсе түсуі тиіс.
Әрбір мамандықтың өмірде, қоғамда өз орны бар екені рас. Қазіргі жаңа оқыту технологияларына сүйенген мұғалім беделді болу үшін «оқушы үніне» ден қоюы керек. «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы Джин Раддок «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады. Оқушымен пікірлесу, алаламау, жалпы алғанда, мұғалім психолог ретінде оқушының үлгерімінің жақсаруына барлық жағынан қамқор болуы қажет. Сонда ғана іс өнеді, оқушының білім алуға деген сенімі жоғары болады, оқушылар қатаң мұғалімді жақсы көреді. Себебі, талап қоя білетін мұғалім – оқушыға нағыз жанашыр мұғалім.
Мұхтар ИБРАИМОВ,
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта
мектеп-интернатының директоры
АЛМАТЫ

Елордалықтар 80 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаевты әуежайдан қарсы алды
Спорт • Бүгін, 21:30
Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта Азия чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 20:33
Жамбыл облысында жылына 800 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін зауыт іске қосылды
Экономика • Бүгін, 20:07
Мемлекет басшысы Грузия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 20:05
Қазақстан Қытай қор нарығына алғаш рет тәуелсіз панда-облигацияларын шығарды
Экономика • Бүгін, 19:30
Мемлекеттік кеңесші Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жөнінде жиын өткізді
Тарих • Бүгін, 19:15
Ұлттық ғылыми онкология орталығы МАГАТЭ-нің Орталық Азиядағы жетекші орталығы болады
Медицина • Бүгін, 19:00
Чжао Лэцзи І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
Саясат • Бүгін, 18:25
Құрбан айт қарсаңында Ақтөбе облысындағы шекарада кептеліс пайда болды
Мереке • Бүгін, 18:03
Ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев мектеппен қоштасты
Футбол • Бүгін, 18:00
Шымкенттік түлек әлемнің беделді 74 жоғары оқу орнынан шақырту алды
Қоғам • Бүгін, 17:38