«Қайрат» фильмі Петерборда көрсетіледі
Осыдан тура ширек ғасыр бұрын режиссурадағы жаңа буын өкілі, жас талант Дәрежан Өмірбаев «Қайрат» атты картина түсірген еді. Өзі де талай киносценарийге арқау болған тоқсаныншы жылдарда шығармашылықпен айналысудың тауқыметін сол кезеңдерге куә болғандар біледі.
Бірақ, осыған қарамастан, «Қайрат» фильмі режиссерге оның алғашқы жүлдесі – Локарнода өткен кинофестивальдің «Күміс қабылан» марапатын әкелді. Сонымен қатар, картина Францияда өткен фестивальдің Бас жүлдесін және Түрікменстанда өткен Халықаралық кинофестивальде «Ең үздік көркем бейне» жүлдесін жеңіп алған болатын.
Енді, міне, араға 25 жыл салып, алдағы 2 желтоқсанда Санкт-Петербордағы V Халықаралық мәдени форумында сол «Жаңа толқынның» өкілі Дәрежан Өмірбаевтың «Қайрат» фильмі көрсетілмек. «Родина» кинотеатрында өтетін көрсетілім ФИПРЕССИ (Кинобаспасөзінің Халықаралық федерациясы) сыйлығының 70 жылдығына және фильмнің 25 жылдығына орай арнайы ұйымдастырылып отыр.
Егемендіктің табалдырығында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы және «Әлем» шығармашылық бірлестігі бірігіп шығарған аталмыш фильм үлкен қалаға келіп, өз орнын табуға ұмтылған жас жігіттің өмірі туралы баяндайды.
Фильмнің басты тақырыбы – иррационалдық болмыс, болжап болмайтын өмір. Үлкен қалаға келген жас жігіт жалғыздықтан айырылу үшін айналасындағылармен тіл табысып, ортаға бейімделуді ойлайды.
Ал режиссер өзінің тырнақалды кинотуындысының 25 жылдан кейін де сұранысқа ие болып жатқанына қуанышты. Фильмде автобиографиялық көріністер бар. Бұл туынды өтіп бара жатқан жастық шақ пен жалғыздық туралы болатын.
– 90-шы жылдардың басында өте қиын болды. Кинотеатрлар бірінен соң бірі жабылып жатты. Өнер саласы жайына қалды. Дегенмен, мемлекет сол кезде кинематографияны жақсы қолдады. Тіпті, «Қайрат» фильмін түсіру үшін бізге пойыз беріп, соның арқасында көптеген қалаларда түсірілім жүргізуге мүмкіндік алдық. Фильмнің негізгі түсірілімдері Қызылорда, Балқаш өңірлерінде өтті. «Қайрат» фильмін түсіру жұмыстарына сол кездегі отандық кинематографияның үздік мамандары – оператор Әубәкір Сүлеев пен қоюшы суретші Марат Имамбергенов тартылған еді. Басты рөлге актерді ұзақ іздедік. Бір күні автобуста келе жатып, аялдамада түсіп бара жатқан жігітті байқадым. Соңынан ассистентімді жібердім. Кейін оны сынақтан өтуге шақырып, басты рөлге бекіттік, – деп еске алады Дәрежан Өмірбаев.
Бүгінгі таңда Дәрежан Өмірбаев көркем фильмдерге сценарий жазып, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында болашақ кинотанушылар мен драматургтерге дәріс береді. Одан бөлек, режиссер Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Дебют» шығармашылық бірлестігінде көркемдік жетекші болып қызмет атқарып, жастарды кино өнеріне баулып жүр.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше