Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің орынбасары Асқар Маминнің жетекшілігімен үкіметтік делегация құрамында Қытай Халық республикасында болып, бірқатар іскерлік келісімдерге қатысты. ҚХР Премьер-Министрінің орынбасары Чжан Гаолимен болған келіссөздерде тараптар кең ауқымды мәселелерді қарады. Оның ішінде Қостанай облысының қытай нарығына астық экспорттау, темір кені өнімдерін жеткізуде темір жол тарифтерін төмендетуге қатысты және басқа да өзекті мәселелер қозғалды.
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі күндік сапарда Архимед Мұхамбетов ірі трансұлттық компаниялармен және инвестициялық қорлар жетекшілерімен кездесіп, машина құрастыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында мәселелерді талқылады. Архимед Бегежанұлы импорт және (СМС) жабдықтарын экспорттау жөніндегі Қытай мемлекеттік компаниясының президенті Сю Шенг Ванг және Anhui Jianghual Automobile Co Ltd (JAC) компаниясының басқарма төрағасы Джи Анмен кездесуде автомобиль жасау саласындағы ынтымақтастық жөнінде әңгімелесті.
«Аллюр компаниясы тобына» кіретін Қостанай автоөнеркәсібі кәсіпорнының өкілдері қытайлық әріптестермен «СарыАркаАвтоПром» зауытының базасында JAC моделін жүйелі өндірісіне инвестиция салу және екі жақты жобаларды дамыту мәселелері талқылады. Аймақ басшысы Қостанай облысы өңірінде целлюлоза-қағаз комбинаты желісін жасау жобасын жүзеге асыру жайын J.S. Machine компаниясының атқарушы директоры Мин Лимен талқылады. Ал бұл компания қағаз өнеркәсібі үшін жабдықтар шығару жөнінен әлемдік көшбасшы болып саналады.
«Жібек жолы» инвестициялық қоры өкілдерімен болған кездесуде Қостанай қаласындағы агроөнеркәсіптік парк құрылысын жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерін, соның ішінде майлы дақылдарын өңдеу мәселелері де қамтылды. Айтпақшы, облыс басшысы келіссөздер жүргізген «Жібек жолы» инвестициялық қорының инвестициялары Жібек жолы экономикалық белдеуінде және Теңіз Жібек жолы бойында орналасқан елдердегі ірі жобаларға бағытталған.
Нәзира Жәрімбетова,
"Егемен Қазақстан"
ҚОСТАНАЙ

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10