03 Желтоқсан, 2016

Аустрияда президент сайлауы өтеді

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ертең Аустрияда президент сайлауы болады. Қазір сайлауалды науқан толығымен тоқтатылды, деп хабарлайды Еuronews. Мамыр айында өткен сайлауда Александр Ван дер Беллен 0,6 пайыз айырмашылықпен қарсыласы Норберт Хоферден басым түскен еді. Бірақ Конституциялық сот дауыстарды есептеу барысында анықталған құқық бұзушылықтар үшін бұл нәтижені жоққа шығарып, қайтадан сайлау өткізу туралы шешім шығарған болатын. Сөйтіп, алдымен 2 қазанға белгіленген сайлау кейін 4 желтоқсанға ауыстырылды. “Бұл сайлау - екі кандидат арасындағы күрес емес. Бұл мемлекеттің болашағын анықайтын шешім", дейді Ван дер Беллен. Ал Норберт Хофер: "Көптеген журналистер Аустрия Еуроодақтан шығады ма деп сұрап жатыр. Жоқ. Аустрия Еуропаның бел ортасында орналасқандықтан, Еуроодақтың дамуына ықпал етуге тырысатын болады", деді. Соңғы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша екі канидаттың да жеңіске мүмкіндіктері теңдей. Сондықтан мемлекет басшысының орнына кім отыратынын нақты айту қиын. Естеріңізге сала кетсек, Аустрияның бұрынғы президенті Хайнц Фишер шілдеде өз орнын босатқан болатын. Қазір оның қызметін Ұлттық кеңес президумы атқаруда.