03 Желтоқсан, 2016

Арменияда Қазақстан әдебиеті бұрышы ашылды

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
dscf2869-2_584_438_95 Еревандағы Армения Ұлттық кітапханасында ҚР Ұлттық кітапханасы Арменияның Мәдениет министрлігі мен осы елдегі Қазақстан елшілігінің қолдауымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап  "Қазақстан әдебиетінің бұрышы" атты көрме ашты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі. Бұл шараға Арменияның Мәдениет министрінің орынбасары Н. Тер-Варданян, Армениядағы Қазақстан елшісі Т. Уразаев, Қазақстан Ұлттық кітапханасының сектор басшысы Е. Али, Арменияның Ұлттық кітапханасының директоры Т. Заргарян, Ереван мемлекеттік университетінің оқытушылары, студенттері және БАҚ өкілдері қатысты. dscf2948-2_584_438_95 Бір айта кетерлігі, аталған көрмеге қойылған экспонаттар арқылы армяндар қазақ халқының тарихымен, мәденитімен, салт-дәстүрлерімен таныса алады. Сонымен қатар кітап қоры осы елде қалады. Армения Мәдениет министрі орынбасарының айтуынша, дәл осындай шара Астанада да өтеді. Көрме аясында екі елдің Ұлттық кітапханалары арасындаңы серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. foto1-2_584_438_95