04 Желтоқсан, 2016

Конфедерация кубогы: Таэквондода Жамбыл облысы жеңіске жетті

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15302328_623634704476116_1543292541_o Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан Спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогында таеквондодан финалдық кездесулер өз мәресіне жетті. Ақтық кезеңге шыққан Жамбыл облысының командасы Оңтүстік Қазақстан облысының таэквондошыларынан 53:40 есебімен жеңіске жетті. Сәйкесінше, ОҚО командасы екінші орын алса, Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысының спортшылары үшінші орынды қанағат тұтты.