20 Қыркүйек, 2011

Зор құрмет пен ізет белгісі

345 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының атына Нидерландыда тұратын ақын Амир Сурениден хат келді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Автор өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстанның 20 жылдық мерейтойымен және біздің еліміздің жарқын табыс­тарымен құттықтайды. «Мен қазақ та, қазақстандық та, мұсылман да емеспін. Шы­ным­ды айтсам, Сіздің елде туыс­тарым да жоқ, жақын қарым-қатынасым да болған емес. Мен жүрек қалауымен әр елде тұрып жатқан көптеген адамдардың шын мәнінде Сізге деген көз­қарасын қазақстандықтар білсін деген оймен хат жазып отыр­мын. Сіз кеңінен танымал, сегіз қырлы, бір сырлы саясаткер, Ұлт көшбасшысы болып табы­ла­сыз. Сіздің арқаңызда Қазақ­стан өркендеуде, дамуда, көп­те­ген форумдарға, ұйымдарға (ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ТМД және т.б.) төр­ағалық етуде. Сіздің беделіңіздің арқа­сын­да ауқымды шешімдер қабыл­дау кезінде халықаралық қоғам­дас­тық әрдайым Қазақстанның пікірімен санасады. Мұны бәрі теледидардан көруде, әлемдік деңгейдегі газеттерден оқып білуде», – делінген хатта. А.Сурени 1990-жылдары, КСРО тараған соң, Қазақстан көп­­теген қиындықтарға тап бол­ғанына тоқталады. Алайда Мемлекет басшысы ақылмен, іс­керлікпен, сабырлылықпен ел­дің тұтастығын сақтап қалды, оның бар байлығынан айрылып қал­мауы­на қарсы тұра білді. Пре­зидент тек қорғап қана қал­ған жоқ, сонымен қатар, да­мыт­ты, нығайтты, Қазақстан Рес­пуб­ли­­ка­сының байлығын еселей түсті. «Сіз елді ақылмен, іскерлікпен басқарып келесіз және Елбасы – Ұлт көшбасшысы ретінде үйлестіре білдіңіз. Сон­дық­тан да мен, бөгде адам болсам да, Сізге халықтың Көш­бас­шысы ретінде зор құрметпен, ізетпен қараймын»,  деп жазады А. Сурени. Сізді «шын жүрекпен, ықы­лас­пен Тәуелсіздік мерейтойы­мен құттықтай отырып, зор ден­саулық, туыс-туғандарыңызға жер бетіндегі барлық игілікті тілеймін, сіздерді құдай қолдасын, қа­зақстандықтар!» деп жазады хат иесі және Мемлекет басшы­сына арналған арнау өлеңін қоса жолдаған. Нидерландыдан хат жолда­ған ақын Мемлекет басшысына және Қазақстанның барша хал­қы­на бейбітшілік, табыс және «Ұлы Дала аспанының астын­да­ғы» жалпы қауымға амандық-саулық тілеген.