23 Қыркүйек, 2011

Қызылағаштағы оқиға бойынша кінәлілер жауапқа тартылды

437 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Прокуратура органдарының Қы­зылағаш су қоймасының жарылу де­регі бойынша қозғалған қыл­мыс­тық іс жөнінде соттардың заңды шешім шығаруына ықпал еткен шараларына тоқталғалы отырмыз. 2010 жылғы наурыз айының 11-інен 12-іне қараған түні, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылының тау шатқалында орна­лас­қан су қой­­­масы, осыған жауапты лауазымды адамдардың салақ­ты­ғы­нан жарылып, одан аққан тосын су Қызылағаш ауылының тұрғында­ры­ның ту сыр­ты­нан ұрып, соның сал­дарынан 45 адам, оның ішінде 15 бала қайтыс бол­ғаны және аса ірі мөлшерде мате­риалдық залал кел­тірілгені мәлім. Аталған дерек бойынша 2010 жы­лы тамызда «Қызылағаш» су қой­­­масының басшысы Қ. Бекеев, оның орынбасары М. Жүнісов ҚР ҚК-нің 232-бабымен, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Б.Тынышбаев, Қызыл­ағаш ауылдық округінің әкі­мі Е.Жү­­нісов, аудандық төтенше оқи­ғалар жөніндегі бөлім бастығы Қ.Байзақов ҚР ҚК-нің 316-бабы 2-бөлігімен, облыс әкімшілігі су ре­с­урс­тары ко­митетінің бұрынғы бас­ты­ғы А.Сабиров ҚР ҚК-нің 308-ба­бы 3-бөлігімен және облыстық тө­тен­ше оқиғалар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Е. Енин ҚР ҚК-нің 381- бабы 2-бө­лі­гі­мен айыпталып, Тал­ды­қорған гар­ни­­­зонының әскери со­тына жолданды. 2011 жылы 9 ақпанда әскери сот­­­тың үкі­мі­мен Қ. Байзаков ҚР ҚК-нің 316-ба­бы 2-бөлігімен 3 жыл бас бостандығынан айыруға, ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде шартты түрде 2 жылға сотталып, оған 3 жылға дейін мемлекеттік қызметке орна­ла­су­ға тиым салынған. Ал, Қ. Бекеев және М. Жүнісов ҚР ҚК-нің 232-бабымен 5 жыл бас бостандықтарынан айырылып, олар жазаларын колония қоныстарда өте­уі белгіленген. Олар 3 жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқа­ру құқығынан айырылды. Осы сот үкімімен А.Сабиров ҚР ҚК-нің 308-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп таныла отыра, ҚР ҚК-нің 69- ба­бы 1-бөлігімен ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жа­у­­аптылықтан босатылған. Сонымен қатар, Е.Енин ҚР ҚК-нің 381-бабы 1-бөлігімен және Б.Ты­нышбаев ҚР ҚК-нің 316-ба­бы­ның 2-бөлігімен ақталған. Аталған сот үкіміне облыс про­ку­ратурасы 2011 жылы 23 ақпанда ақталған Е.Енин мен Б.Ты­ныш­баев­қа қатысты ақтау үкімінің күшін жойып, қылмыстық жауапкершілікке тарту және Қ.Байзақовқа тағай­ындалған жаза тым жеңіл бол­ған­дық­тан оған бас бостандығынан айы­ру жазасын қолдану туралы апел­ляциялық наразылық келтірген. 2011 жылы 12 сәуірде қыл­мыс­тық іс ҚР Әскери сотының апел­ля­циялық сатысында қаралып, облыс прокуратурасының апелляциялық наразылығы қанағаттандырылмай, сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Осыдан кейін, бұл сот актілеріне ҚР Бас прокуратурасы жоғарыда көрсетілген негіздер бойынша ҚР Жоғарғы Сотының қадағалау ал­қа­сына қадағалау тәртібінде наразы­лық енгізген. 2011 жылы 13 қыр­күй­­екте аталған қылмыстық іс ҚР Жоғарғы Сотында қаралып, ақтал­ған Е.Енин мен Б.Тынышбаевқа қа­тысты ақтау үкімінің және Қ.Бай­зақовқа та­ға­й­ын­далған жаза заң талаптарына сәйкес келмейтіндігінен үкімнің күші жо­йылып, істі қайта басқа сот құ­ра­мында қарауға жолданып, наразылық толығымен қанағаттандырылды. Марат ҚАЙЫБЖАНОВ, Бас прокуратураның департамент бастығы, аға әділет кеңесшісі.