Оқушылар мен олардың ата-аналары жəне ұстаздар алдында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі түлектерге дұрыс таңдау жасап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойып отырған мiндетiне сай, елiмiздiң дамуына сүбелi үлес қосатындықтарына сенiм бiлдiрдi. Сондай-ақ, М.Мырзалин қоғамдық-мəдени жəне спорттық шараларға белсендi қатысып жүрген ұстаздар мен оқушыларға 500 дана ЭКСПО-2017 билетiн тапсырды.
Осы күнi Мəлiк Мырзалин Қосшы ауылында жеке инвесторлардың қаражатына салынатын жаңа мектептiң алғашқы кiрпiшiн қалау рәсiмiне де қатысты. «Ақмола облысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» міндеттерін жүзеге асыру аясында заманалық білім ордасының құрылысы басталды. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Туған жер» бағдарламасының өміршең үрдіс алып жатқанының жарқын көрінiсi», дей келе аймақ басшысы мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестіктің жаңа үлгілері әрдайым қолдау табатынын атап өттi.
Мердiгер «Қазына-SR» ЖШС директоры С.Матайбаевтың айтуынша, бизнестiң əлеуметтiк жауапкершiлiгi шеңберiнде бой көтеретiн бiлiм ордасы 200 оқушыға арналған. Ғимаратта ағылшын тiлi терең оқытылатын 12 сынып пен мүдделер үйiрме бөлмелерi қарастырылған. Жобаның құны 350 миллион теңгенi құрайды. Құрылыс жұмыстары тура бiр жыл өткен соң аяқталып, бiлiм ордасы пайдалануға берiледi деп жоспарланып отыр.
Жалпы, кең ауқымды «Туған жер» бағдарламасы 150-ден астам iс-шараны қамтитынын атап көрсеткіміз келеді. Ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында облыстағы тарихи-мәдени жәдiгерлер, туризм нысандары, табиғи қорықтар тiзiмiн біріктіретін танымдық интернет портал құру мiндетi де қарастырылған.
Бақберген АМАЛБЕК,
журналист
Ақмола облысы